Білім жаңалықтары
08.09.2025 | 139
Сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі: педагогтер оқулықтарды сараптауға шақырылады
Сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі: педагогтер оқулықтарды сараптауға шақырылады
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды сараптау саласында жұмыс істеу үшін педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі басталғанын хабарлайды. Барлық рәсімдер онлайн форматта E-EXPERT.GOV.KZ платформасында өткізіледі. Бұл үміткерлерге елдің кез келген өңірінен қатысуға тең мүмкіндік береді.
Бүгінде орталықтың базасында оқыту мен байқау кезеңдерінен жаңа формат бойынша сәтті өткен 400-ден астам сарапшы тіркелген.
E-EXPERT.GOV.KZ платформасы құжаттарды тексеруден бастап тестілеу, әңгімелесу, эссе жазу, модульдік оқыту және қорытынды сертификаттауға дейінгі негізгі үдерістерді автоматтандырды.
«Платформаны енгізу — іріктеу үдерісін барынша ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік берді. Бүгінде біз сарапшылар қауымдастығын тиімді қалыптастырып, педагогтерді іріктеу сапасын қамтамасыз етіп отырмыз», — деп атап өтті орталық директоры Назира Абдрахманова.
Орталық еліміздің барлық өңіріндегі педагогтерді байқау іріктеуіне қатысып, Қазақстандағы орта білім сапасын қалыптастыратын кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болуға шақырады.
-
-
05.09.2025 | 164
«Келешек мектептерінде» қанша оқушы білім алуда?
-
04.09.2025 | 166
Еліміздегі Балалардың әл-ауқат индексі 2,5 пунктке артты
-
03.09.2025 | 190
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынауда
-
03.09.2025 | 140
Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды
-
02.09.2025 | 250
4,1 миллионнан астам оқушы жаңа 2025–2026 оқу жылын бастады