Білім жаңалықтары
24.11.2025 | 76
Инклюзивті білім беру бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес құрылды

Инклюзивті білім беру бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес құрылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ жанынан Республикалық оқу-әдістемелік кеңес өз жұмысын бастады.
Кеңес ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін әзірлеу мен енгізуге бағытталған инновациялық тәсілдерді сараптамалық бағалаудан өткізеді.
Өтінімдер жылына 4 рет қабылданады:
▫️ 1–15 қаңтар аралығында
▫️ 1–15 сәуір аралығында
▫️ 1–15 шілде аралығында
▫️ 1–15 қазан аралығында
Оған педагогтер мен сала мамандары өздерінің авторлық оқу-әдістемелік материалдары мен бағдарламаларын ұсына алады.
Сараптамадан өту талаптарымен special-edu.kz порталындағы «РОӘК» бөлімінен танысуға болады.
-
-
24.11.2025 | 68
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2025 зерттеуі басталды
-
20.11.2025 | 150
Еліміздегі 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды

