Білім жаңалықтары
11.12.2025 | 142
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Қазақстандық балабақшалар 2024 жылдан бастап ваучерлік қаржыландыру механизміне кезең-кезеңімен көшіріле бастады. Бүгінге дейін жаңа жүйеге 5 231 мектепке дейінгі ұйым қосылып, 726 мың балаға ваучер берілді.
Мектепке дейінгі білім беру саласында қолжетімділікті, қызмет сапасын және ашықтықты арттыру мақсатында бастапқыда пилоттық режимде іске қосылып, тиімділігін дәлелдеген ваучерлік қаржыландыру биылдан бастап өңірлерде масштабталуда. Бүгінгі күні оған 20 қала, 16 ауданнан балабақшалар қосылды.
«Жыл басынан бері 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделіп, жаңа ваучерлерді қаржыландыруға мақсатты түрде бағытталды. Бұл жүйе балабақша тізіміндегі «жансыздар» мен жалған жазбаларды анықтауға мүмкіндік берді, сондай-ақ балабақша кезегін айтарлықтай қысқартты. «Ақша баламен бірге жүреді» принципі бойынша жұмыс істейтін жаңа бастама ата-аналарға таңдауды өздері жасауға және балабақшаны ауыстыруға да мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретін адал бәсекелестік тудырады», - деді Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ваучерлік қаржыландыру моделін тек 5 қалада (Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана) сынақтан өткізу кезектілікті 44%-ға қысқартуға мүмкіндік берген болатын.
-
-
15.12.2025 | 68
Балалар үйінің жас таланттары үлкен сахнада өнер көрсетті
-
11.12.2025 | 154
Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру тәртібі өзгерді
-
11.12.2025 | 128
Қазақстан Үкіметі педагогтерді даярлау ісіне бақылауды күшейтеді

