Білім жаңалықтары
23.02.2026 | 55
Оқу-ағарту министрлігінде инфрақұрылымдық жобалар мен бюджетті оңтайландыру мәселелері талқыланды

Оқу-ағарту министрлігінде инфрақұрылымдық жобалар мен бюджетті оңтайландыру мәселелері талқыланды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысы мен білім беру саласындағы стратегиялық жобалардың іске асырылуы қаралды.
Аппараттық кеңес барысында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, бюджет шығындарын үнемдеу және оңтайландыру мәселесі талқыланды. Сала министрі бюджеттің әрбір теңгесі нысаналы әрі тиімді жұмсалуы тиіс екенін атап өтіп, өңірлерге қаржылық тәртіпті қатаң сақтауды жүктеді.
Жиынның тағы бір маңызды тақырыбы - білім беру саласын цифрландыру қарқыны. Сол себепті, Ұлттық білім беру деректер қорындағы (ҰБДҚ) колледж студенттеріне қатысты статистикалық мәліметтер бойынша «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлтық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ» басқарма төрағасы Гүлжайна Елеусінованың есебі тыңдалды. Министр деректердің шынайылығы мен уақытылы жаңартылуы мемлекеттік қолдауды әділ бөлудің негізі екенін ескертіп, өңір басшыларына деректерді дер кезінде енгізіп отыруды тапсырды.
Жиында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов инфрақұрылымдық жобалардың қарқыны туралы баяндама жасады. Бүгінгі таңда жоспарланған 217 «Келешек мектебінің» құрылысы толық аяқталып, 460 мыңнан астам оқушы заманауи білім ордаларымен қамтылды. Президенттің тікелей тапсырмасымен 2025-2027 жылдарға арналған үш жылдық кезеңде 1300 мектепті реновациядан өткізу жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 211 мектепте күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл бағыттағы мониторинг пен үйлестіру жұмыстары министрліктің жіті бақылауында.
Білім сапасын жақсарту мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы атқарған жұмыстар жөнінде орталықтың басқарма төрағасы Айдана Шілібекова баяндады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өткізген TALIS (2024) халықаралық зерттеуінің қорытындылары педагогтердің біліктілікті арттыру курстарына ерекше мән беретінін көрсетіп отыр. Ұстаздардың 99,2% біліктілікті арттыру бойынша кем дегенде бір іс-шараға қатысқан. Респонденттердің 64%-ы кәсіби даму процесіне қатысу олардың педагогикалық практикасына оң әсер еткенін атап өтеді.
«Біз екпін салатын басымдық - Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық межеге сапалы қол жеткізу. Әрбір баланың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуы біздің тікелей міндетіміз. Осы ретте өңірлердегі білім басқармаларының жауапкершілігі мен тиянақтылығының шешуші рөлі зор. Әрбір жобаның сапалы орындалуы жеке бақылауымда», - деді Жұлдыз Сүлейменова.
-
-
19.02.2026 | 145
Кәсіби бағдар берудегі мектеп пен колледж сабақтастығы
-
18.02.2026 | 152
Қазақстандық колледж NCCER халықаралық аккредитациясынан өтті
-
18.02.2026 | 132
«Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде
-
17.02.2026 | 158
100 үздік колледж студенті анықталады
-
16.02.2026 | 220
2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

