Білім жаңалықтары
13.03.2026 | 119
Абай ұлттық мектебі оқушылар қабылдауды бастады

Абай ұлттық мектебі оқушылар қабылдауды бастады
Алматы қаласындағы Абай ұлттық мектебі 2026-2027 оқу жылына өтініш пен құжат қабылдауды бастады. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дарынды балаларды тіркеу https://qabyldau.daryn.kz/kz/ сайты арқылы онлайн форматта жүргізілуде.
Тіркеу 15 сәуірде аяқталып, үміткерлер үш пән бойынша арнайы тестілеуге қатысады. Іріктеуден сәтті өткен балалар республикалық мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаты Абай ұлттық мектебіне трансформацияланды. Басты мақсат - ұлттық құндылықтар мен халықаралық білім беру стандарттары негізінде терең білімді, бастамашыл, адал азамат тәрбиелеу.
Трансформациялау тұжырымдамасы негізіне тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне Абайдың «Толық адам» концепциясы енгізілді. Білім беру үрдістері ұлттық құндылықтармен және халықаралық озық тәжірибелермен үйлестіріледі. Мұнда балалардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, заманауи технологияларды меңгеруіне, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие бағдарламасы арқылы спорт пен шығармашылыққа баулуға, жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Сонымен қатар мектепте бірнеше шет тілін меңгеруге болады. Оқушылар ағылшын тілінен басқа француз, қытай тілдерін оқып үйренуде.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары іргетасы қаланған білім ордасы жаңа, озық инфрақұрылыммен жабдықталған ғимаратқа көшірілді. 900 орынға арналған оқу ордасының құрылысы 2025 жылдың наурыз айында басталып, тамызда аяқталды. Мектеп аумағында жаңа оқушылар үйі де бой көтерді.
Қазір Абай ұлттық мектебінде еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 351 оқушы білім алуда. Алдағы 2026-2027 оқу жылына 7 сыныпқа оқушылар қабылданады.
-
-
14.03.2026 | 60
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
-
13.03.2026 | 120
Абай ұлттық мектебі оқушылар қабылдауды бастады
-
12.03.2026 | 151
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
-
12.03.2026 | 123
Колледж студенттері тәжірибеден өтіп, өз өндірісін ашты

