Білім жаңалықтары
24.03.2026 | 43
Экологиялық мәдениет – жаңа Конституцияның іргетасы

Экологиялық мәдениет – жаңа Конституцияның іргетасы
Наурызнама онкүндігінің қорытынды кезеңі – «Тазару күні» мен «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық білім беру мекемелерінде ауқымды экологиялық шаралар өтті. Бұл бастама – жаңа Конституцияда бекітілген табиғатты қорғау қағидаттарын қоғамдық санаға сіңірудің жарқын үлгісіне айналды.
Бүгін ел аумағындағы «Келешек мектептерінде» ұстаздар мен ата-аналар иық тіресе жүріп, мектеп аулаларына жас көшеттер отырғызды. Бұл шара – білім ошағы мен ата-аналар арасындағы рухани байланысты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершіліктің жаңа моделін қалыптастырды.
Оқушылардан құралған еріктілер тобы «Мөлдір бұлақ» акциясына белсене араласып, арықтар мен су айдындарын қоқыстан тазартты, бұлақ көздерін ашты. Сонымен қатар құстарға ұя жасау арқылы жеткіншектер өз замандастарына нағыз экологиялық патриотизмнің үлгісін көрсетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына үн қосқан білім саласының қызметкерлері аймақтарды абаттандыруға жаппай атсалысты. Көшет егу, гүлзарларды тазалау және қоршаған ортаны күтуге бағытталған шаралар түрлі буын өкілдерінің басын қосты.
Бұл ауқымды шаралардың барлығы табиғатпен үндес, қоршаған ортаны қорғауды маңызды құндылық деп есептейтін тұлға тәрбиелеуге бағытталды.
-
-
24.03.2026 | 44
Экологиялық мәдениет – жаңа Конституцияның іргетасы
-
23.03.2026 | 72
Ата-аналар «Келешек мектептерінің» ауласына көшет отырғызды
-
23.03.2026 | 64
Ауыл оқушылары - табиғаттың жанашырлары
-
23.03.2026 | 64
Ұлытау облысының мектептерінде 400-ге жуық экобокс орнатылды
-
22.03.2026 | 74
Маңғыстауда «ақылды киіз үй» таныстырылды

