Білім жаңалықтары
02.04.2026 | 59
Қазақстандық оқушының TabAI стартап жобасы Google грантын иеленді

Қазақстандық оқушының TabAI стартап жобасы Google грантын иеленді
Павлодар қаласының 11 сынып оқушысы Игорь Мартынюк YC Startup School білім беру бағдарламасына толық грант иеленген Орталық Азиядағы алғашқы оқушы атанды. Бұл бағдарламаны әлемдегі ең танымал стартап акселераторлардың бірі Y Combinator ұйымдастырады.
Игорь TabAI стартапын өз бетінше әзірлеген. Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші, ол пайдаланушының цифрлық белсенділігін талдап, тапсырмаларды жүйелеуге және жұмыс үдерістерін басқаруға көмектеседі. Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда TabAI платформасын әлем бойынша шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады.
Жоба халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Стартап 35 мың доллар көлеміндегі инвестицияны, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған Google грантын алды. Бағдарламадағы жас шектеулеріне қарамастан, Y Combinator командасы Игорьді шақыру туралы шешім қабылдап, оның Кремний алқабындағы YC Startup School бағдарламасына қатысу шығындарын толық өтеді. Оның ішінде жол ақысы, тұру және оқуы қарастырылған.
Сонымен қатар Игорь Мартынюк жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамып келе жатқан Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанды. Бұл рөлде ол Қазақстан мен Орталық Азияда әзірлеушілер қауымдастығын дамытып, хакатондар, митаптар және білім беру іс шараларын ұйымдастырады.
Игорь алдағы уақытта жобаны дамытуды жалғастырып, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және Y Combinator негізгі іріктеуіне өтінім беруді жоспарлап отыр.
-
-
02.04.2026 | 92
Қазақстандық колледж NCCER аккредитациясынан сәтті өтті
-
31.03.2026 | 100
Оқу-ағарту министрлігінде жаңа Конституцияны талқылау өтті
-
31.03.2026 | 95
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау тәртібі өзгерді

