Білім жаңалықтары
28.04.2026 | 145
Қазақстандық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды

Қазақстандық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды
2026 жылғы 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет European Mathematical Olympiad өтті. Аталған олимпиадаға 19 елден 21 команда, жалпы саны 126 оқушы қатысты. Қатысушы мемлекеттер қатарында Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина бар.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Құрама қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль түсті. Қазақстан құрамасының бұл жарқын жеңісі халықаралық білім аренасында елдің зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанған -Марғұлан Шарел, Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы;
Алтын медаль - Эльдар Усенов, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Алтын медаль - Эрик Лим, Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
Күміс медаль - Ерасыл Алтынбек, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;
Күміс медаль - Ануар Ағыбаев, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Ярослав Гальберг, Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті;
Асхат Абдыкулов, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі.
Олимпиаданың ресми сайты https://emo2026.lt/results.
-
-
01.05.2026 | 114
Тәлім мен татулық мектебі
-
01.05.2026 | 114
Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті
-
30.04.2026 | 164
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
-
30.04.2026 | 140
Оқушылар арасында білім мониторингі өткізіледі
-
29.04.2026 | 142
Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

