Білім жаңалықтары
30.04.2026 | 163
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Астанада 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқау экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдауға бағытталған.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен 105 бала қатысты. Жобаларды еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, І дәрежелі дипломмен 9 жеңімпаз, ІІ дәрежелі дипломмен 15 жүлдегер, ІІІ дәрежелі дипломмен 25 оқушы марапатталды. Сонымен қатар 19 қатысушыға грамоталар табысталды.
Конкурс төрт негізгі бағыт бойынша өткізілді: «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама» және «Таза қала сізден басталады». Әр бағыт аясында оқушылар экологиялық мазмұндағы зерттеу, шығармашылық және практикалық жобаларын ұсынды.
-
-
01.05.2026 | 112
Тәлім мен татулық мектебі
-
01.05.2026 | 112
Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті
-
30.04.2026 | 164
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
-
30.04.2026 | 140
Оқушылар арасында білім мониторингі өткізіледі
-
29.04.2026 | 142
Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

