Білім жаңалықтары
01.05.2026 | 105
Бірлігі жарасқан білім ордасы: Түркістан облысындағы мектепте 20-дан астам ұлт өкілі білім алуда

Бірлігі жарасқан білім ордасы: Түркістан облысындағы мектепте 20-дан астам ұлт өкілі білім алуда
Түркістан облысы Төле би ауданындағы №5 мектеп-гимназия - бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырған іргелі білім ордасы. Бүгінде мұнда 20-дан астам ұлт өкілінің балалары білім алып, әртүрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқан ортада тәрбиеленуде.
Оқушылар қатарында қазақ, орыс, өзбек, түрік, әзербайжан, татар, кәріс, шешен, украин, қырғыз, неміс, күрд, беларусь, ұйғыр, тәжік, грузин, башқұрт, грек, иран және өзге де ұлт өкілдері бар.
Мектеп ұжымында 11 ұлттың мұғалімі қажырлы еңбек етуде. Бұл ұстаздарды біріктіретін ортақ құндылық - саналы ұрпақ тәрбиесі. Ұстаздардың кәсібилігі мен өзара ынтымағы, ортақ мақсаттары - білім ордасының тұрақты дамуы мен жетістігінің негізі. Ұжым мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, қолдау көрсетіп, ортақ мақсатқа жету жолында бірлесе еңбек етуде. Осындай өзара сыйластық пен түсіністік атмосферасы мектептің рухани негізін нығайта түсуде.
-
-
01.05.2026 | 112
Тәлім мен татулық мектебі
-
01.05.2026 | 112
Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті
-
30.04.2026 | 164
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
-
30.04.2026 | 140
Оқушылар арасында білім мониторингі өткізіледі
-
29.04.2026 | 142
Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

