Білім жаңалықтары
01.05.2026 | 113
Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті

Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде «Мектебім - достық картасы» атты ауқымды мерекелік фестиваль ұйымдастырылды.
Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысып, көпұлтты Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен таныстырды. Фестиваль барысында қазақ, орыс, өзбек, неміс, украин, корей, грузин, татар, түрікмен және әзербайжан халықтарының ұлттық ерекшеліктері сахналанды.
Оқушылар өз өнерлерін үш түрлі бағытта көрсетті. Олар алдымен белгілі бір ұлтты таныстырды, түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін көрсетті және шығармашылық нөмірлерді орындады. Осылайша, оқушылардың өздері де біраз халықтардың өнерін, мәдениетін тануға, үйренуге мүмкіндік алды.
Оқушылар шығармашылығынан достық, өзара құрмет пен бірлік идеясы айқын аңғарылып тұрды. Шараға Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ата-аналар мен ұстаздар қатысып, жас таланттардың өнерін қолдады.
Аталған фестиваль түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен ынтымағын айшықтап, жас ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға бағытталған.
-
-
01.05.2026 | 112
Тәлім мен татулық мектебі
-
01.05.2026 | 114
Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті
-
30.04.2026 | 164
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
-
30.04.2026 | 140
Оқушылар арасында білім мониторингі өткізіледі
-
29.04.2026 | 142
Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

