Білім жаңалықтары
01.05.2026 | 119
АҚШ-та өтіп жатқан FIRST Championship әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстаннан шамамен 230 оқушы өнер көрсетуде

АҚШ-та өтіп жатқан FIRST Championship әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстаннан шамамен 230 оқушы өнер көрсетуде
АҚШ-та өтіп жатқан FIRST Championship әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстаннан шамамен 230 оқушы өнер көрсетудеХьюстон қаласында жыл сайын 50 000-нан астам қатысушыны біріктіретін әлемдегі ең ірі инженерлік турнирлердің бірі басталды. Биыл Қазақстан атынан сайысқа 225 оқушы қатысуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 есеге көп. Делегация құрамына Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Щучинск қалалары мен Түркістан облысынан командалар енді. Қатысушылар Астанада өткен Alem Tech Fest Орталық Азия кезеңінде іріктеуден өтті.
Чемпионат мектеп оқушылары арасындағы робототехника бойынша негізгі халықаралық жарыстардың бірі саналады. Қатысушылар инженерлік шешімдер әзірлеп, матчтар сериясынан өтіп, финалдық кезеңдерге жолдама үшін бақ сынайды. Алаң инженерлік дайындығы жоғары және бәсекелестік деңгейі жоғары елдердің командаларын біріктіреді.
Биыл жарысқа қатысушылар санының артуы жүйелі дайындық пен инженерлік білім беруді дамыту нәтижесінде мүмкін болды. 2020 жылдан бастап Қазақстан STEM бағыты бойынша халықаралық деңгейде өз позициясын кезең-кезеңімен нығайтып келеді.
-
-
01.05.2026 | 112
Тәлім мен татулық мектебі
-
01.05.2026 | 112
Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті
-
30.04.2026 | 162
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
-
30.04.2026 | 140
Оқушылар арасында білім мониторингі өткізіледі
-
29.04.2026 | 140
Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

