Білім жаңалықтары
07.07.2026 | 17
Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық олимпиадаға қатысуда

Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық олимпиадаға қатысуда
Колумбияның Букараманга қаласында мектеп оқушылары арасында физикадан 56-шы Халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO 2026) өтуде.
Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада 4-12 шілде аралығында ұйымдастырылып, биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик қатысуда.
Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындайды.
Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының сапына бес оқушы енді.
Олар:
Әмірбек Азатбеков - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
Ілияс Қазымбек - Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова - Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Роман Черемнов - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
Дамир Құрман - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
Ұлттық құраманың жетекшілері:
Самат Мақсұтов - PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Әлішер Еркебаев - физикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.
Анықтама үшін: Физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

