Білім жаңалықтары
22.04.2025 | 125
Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы жүзеге асырылуда – оқушылар табиғатты қорғауға үлес қосады
Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы жүзеге асырылуда – оқушылар табиғатты қорғауға үлес қосады
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба оқушылардың бойында табиғатқа қамқорлық сезімін қалыптастырып, қоршаған орта үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Жоба орта білім беру ұйымдары мен орман шаруашылығы мамандарының қатысуымен іске асуда. Оқушылар табиғатты қорғауды тек теория жүзінде емес, нақты іс арқылы меңгеріп келеді. Олар ағашты дұрыс отырғызу, оған күтім жасауды үйренеді.
Қазіргі таңда 400-ден астам оқушы осы бастамаға атсалысуда, 850 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл — табиғатқа деген сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсету мен экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеудің нақты үлгісі.
Сонымен қатар мектеп жанындағы орман алқаптары жаратылыстану мен биология пәндерінен ашық аспан астында сабақ өткізуге мүмкіндік береді. Балалар табиғат аясында тәжірибелік білім алып, қоршаған ортаны тереңірек түсіне бастайды.
Министрлік бұл жобаны экологиялық тәрбие берудің тиімді үлгісі ретінде қарастырып, оны еліміздің басқа өңірлерінде де жүзеге асыруды көздеп отыр.
-
-
25.04.2025 | 76
Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынуда
-
23.04.2025 | 117
КҮН САНЫ